Accessibility links

Өзбекстан салық комитеті жұмысын тоқтатпақ


Ботир Парпиев, Өзбекстан мемлекеттік салық комитетінің жетекшісі.
Ботир Парпиев, Өзбекстан мемлекеттік салық комитетінің жетекшісі.

Өзбекстанда мемлекеттік салық комитеті 1 тамыздан бастап жеке фискалды құрылым ретінде өз жұмысын тоқтатады деп хабарлады Азаттықтың Өзбек қызметі.

Дереккөздің айтуынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 17 шілдеде салық комитетінің жұмысын тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған. Салық комитеті қаржы министрлігінің немесе бас прокуратураның бөлігі ретінде жұмыс істеуі мүмкін.

Мемлекеттік салық комитеті 1994 жылы қаңтарда құрылған. 2004 жылдан бері оны генерал-лейтенант Ботир Парпиев (71 жаста) басқарып келген. Парпиев - өзбек арнайы қызметінің жетекшісі Рустам Иноятовтың (73 жаста) құдасы. Иноятов туралы "Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтан кейін билікке келуі мүмкін" деп жиі айтылатын.

Салық комитетінің баспасөз қызметі фискалды ведомство әзірше жұмысын жалғастыра беретінін айтқан.

XS
SM
MD
LG