Accessibility links

Малала "Боко Харам" тұтқынында болған қыздармен кездесті


Юсуфзай Малала мен Нигерия президенті міндетін атқарушы Йеми Осинбаджоның кездесу сәті.
Юсуфзай Малала мен Нигерия президенті міндетін атқарушы Йеми Осинбаджоның кездесу сәті.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Малала Юсуфзай Нигерияға арнайы сапармен барып, "Боко Харам" экстремистік тобында тұтқында болған қыздармен кездесті. Малала ел астанасы Абуджа қаласында "Боко Харам" тұтқынында отырған қыздарды босатуға шақырған акцияға да қатысты.

Малала Нигерия президентінің міндетін атқарушы Йеми Осинбаджомен де кездесіп, елде білім беру жүйесін өзгертуге, білім саласында үлкен реформа жасауға шақырды. БҰҰ дерегінше, Нигерияда 10,5 миллион бала мектепке бармайды. Олардың 60 пайызы - қыздар.

2014 жылы "Боко Харам" экстремистік тобы Борно провинциясының Чивок елді мекенінде мектепке басып кіріп, 200 жуық қызды күштеп алып кеткен. "Боко Харам" кей қыздарды Нигерия түрмесінде отырған тұтқындарға алмастырған. Кейбір қыздар тұтқыннан өздері қашып кеткен. Террорлық ұйым жүзге жуық қызды әлі тұтқыннан босатқан жоқ.

Малала 2012 жылы Пәкістанда өзі оқып жүрген мектеп автобусына жасалған шабуылда басына оқ тиіп, жараланған. Шабуылды Малаланың қыздарға білім беру кампаниясына қарсы талибтер жасаған. Малала шабуылдан ауыр жараланған, бірақ Ұлыбританияда емделіп, аман қалды. Қазір сол елде тұрып жатыр. Өзіне қастандық жасалғалы бері ол әлемді аралап, қыздардың білім алуына мүмкіндік беруге шақырып келеді. Ол 2014 жылы үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхимен бірге бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын иеленген.

XS
SM
MD
LG