Accessibility links

HRW: Тәжікстан билігі оппозиция өкілдерінің туыстарына қысым көрсеткен


Душанбе қаласы.
Душанбе қаласы.

Халықаралық Human Rights Watch және Norwegian Helsinki Committee құқық қорғау ұйымдарының мәлімдеуінше, Тәжікстан билігі Дортмунд конференциясына қатысқан тәжікстандық 10 оппозиция белсенділерінің туысқандарына қысым көрсетіп жатыр.

Тәжікстандық белсенділер 9 шілдеде Германияның Дортмундта өткен Тәжікстандағы азамат соғысының аяқталуының 20 жылдығына арналған жиынға қатысқан. Осыдан кейін Тәжікстан билігі Германиядағы жиынға қатысқандардың туысқандарын тергеп, қоқаң-лоқы көрсетіп, елден шығуға тыйым салған.

"Тәжікстан билігінің белсенділердің туысқандарына қысым көрсетуі күшейіп, жабайы сипат алып барады. Ел билігі бұл әрекетті тоқтату керек" дейді Human Rights Watch өкілі Стив Свердлоу.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Тәжікстанда адам құқығының жиі бұзылатынын сынайды.

XS
SM
MD
LG