Accessibility links

АҚШ Иранды әлемдегі терроризмнің демеушісі деп санайды


Мемлекеттік департамент ғимараты.
Мемлекеттік департамент ғимараты.

Мемлекеттік департаменттің терроризм туралы есебінде "2016 жылы Тегеран антиизраильдік топты қолдады, Ирак, Сирия және Йемендегі жағдайды ушықтыру үшін Ауғанстан және Пәкістандағы шиит еріктілерді жинады" деп жазылған. АҚШ-тың пайымдауынша, Иран Ливандағы "Хезболлах" тобын жан-жақты қолдап отыр.

Есепте "2016 жылғы терактілердің көбін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы жасаған" деп көрсетілген.

АҚШ Иранды 1984 жылдан бері терроризмнің басты демеушісі деп айыптап, санкциялар сала бастаған.

XS
SM
MD
LG