Accessibility links

Димаш Құдайберген Asian Music Gala сыйлығын алды


Димаш Құдайберген Asian Music Gala сыйлығымен (Сурет әншінің продюссерінен алынды).
Димаш Құдайберген Asian Music Gala сыйлығымен (Сурет әншінің продюссерінен алынды).

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Asian Music Gala жүлдесін "ең танымал шетелдік әнші" номинациясы бойынша алды. Марапаттау шарасы 19 шілдеде Қытайдың Гуанжоу қаласында өткен. Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шаримов және қытайлық басылымдар хабарлады.

23 жастағы әнші Димаш Құдайберген Қытайда сәуірде аяқталған I Am a Singer ән байқауында екінші орын алып, "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы бойынша Top Chinese Music Awards жүлдесін иеленген.

Әнші алдағы уақытта Қазақстан бойынша тур ұйымдастырмақ.

XS
SM
MD
LG