Accessibility links

Ақтөбеде "пәтер тонады" деген күдікті аштық жариялаған


Ақтөбе облысының картасы.
Ақтөбе облысының картасы.

«Пәтер тонады» деген айыппен қамауға алынған ақтөбелік Руслан Карашинов тергеу изоляторында аузын тігіп тастап, 15 күн аштық жариялаған. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев айтты.

Прокуратураның мәліметінше, айыпталушы Қарашинов аштықты 3-18 шілде аралығында жариялаған.

Жасұлан Дәулембаевтың сөзіне қарағанда, "Карашинов пәтерге ұрлыққа түсіп, құны бір миллион теңгелік зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті" деген күдікпен қамауға алынған. Пәтер иесі алқымына пышақ төсеген күдіктіні тергеу кезінде бірден таныған. Күдікті де алғашында өзіне тағылған айыпты мойындаған. Бірақ кейінірек ол айтқан сөздерінен айнып, тергеу барысына наразылық таныта бастайды.

27 жастағы ақтөбелік Руслан Қарашинов биыл 30 сәуір күні ұсталған. Қазір ақтөбеліктер «бесінші түрме» деп атайтын тергеу изоляторында отыр.

XS
SM
MD
LG