Accessibility links

Польшада бүкіләлемдік ойындар басталады


Қазақстандық гимнасшы Сабина Әшірбаева.
Қазақстандық гимнасшы Сабина Әшірбаева.

Бүгін Польшаның Вроцлав қаласында бүкіләлемдік ойындар (The World Games) басталады. Бұл жарыста олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Әлемдік ойындардың бағдарламасында спорттық би, джи-джитсу, каратэ, боулинг, сумо, бильярд сынды спорттар енген. Жарысқа жүзге жуық елден төрт мыңға жуық спортшы қатысады.

Вроцлавқа Қазақстаннан 16 спортшы аттанды. Олардың қатарында көркем гимнастикадан Азия чемпионы Сәбина Әшірбаева, каратэден Азия чемпионы Ермек Айназаров, каратэден Азия ойындарының күміс жүлдегері Ринат Сағындықов бар.

Қазақстан 2013 жылы Калиде (Колумбия) өткен бүкіләлемдік ойындарға екі спортшы апарып, жүлдесіз қайтқан.

Вроцлавтағы ойындар 30 шілдеде аяқталады.

XS
SM
MD
LG