Accessibility links

Атамбаев: латынға көшу түркі халықтарының арасын алшақтатады


Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев латын әліпбиіне көшу туралы өз ойын білдірді. Атамбаевтың айтуынша, латынға көшу түркі тілдес халықтардың арасын алшақтатады.

“Латын - дамыған елдердің алфавиті және ел экономикасының дамуына оң әсер етеді деген пікір бар. Бірақ иероглиф Қытай, Жапония және Кореяның дамуына кедергі келтірді ме? Латынға көшкен Африка елдері кедейлікті жеңе алды ма?" деді Атамбаев.

Атамбаевтың пайымдауынша, ескі әліпбиден бас тарту - елдің өткен ұмыту.

“Кириллица алфавиті Совет одағының құрамында болған түркі халықтарын бір мәдени арнада болуға септігін тигізді. Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Әуезов бастаған біздің жазушылар мен ғалымдар өз еңбектерін кириллицада жазды" деді Қырғызстан президенті

Совет одағы құлаған соң Әзербайжан, Түркменстан және Өзбекстан латын алфавитіне көшкен. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін латын әліпбиін стандарттарын жасауды тапсырған.

Атамбаев 21 маусымда қырғыз диаспорасымен кездесуде латын алфавитіне көшуге қарсы болған.

XS
SM
MD
LG