Accessibility links

Тәжікстанда 8 мың адам жұмыссыз қалған


Душанбе қаласындағы көшелердің бірі.
Душанбе қаласындағы көшелердің бірі.

Тәжікстанда экономикалық дағдарыстың салдарынан сегіз мың адам қызметінен қысқарып, елдегі жұмыссыздар саны 28 мыңға жектен. Бұл туралы 20 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында елдің еңбек және миграция министрлі Сумангул Тагойзода хабарлады.

Жұмыссыз қалғандардың көбі банк, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері. Олар үкіметтен жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы сұрап, өтініш жазған.

Тәжікстанда ресми түрде жұмыссыз статусын алған азаматтарға үкімет бірінші айда жалақысының елу пайызын, екінші айда қырық, үшінші айда отыз пайызын жәрдемақы ретінде төлеуі тиіс.

Тагойзаданың айтуынша, қазіргі уақытта ел бюджетінде жұмыссыздарға жәрдемақы төлейтін ақша жоқ.

Елдегі 28681 жұмыссыз азаматтың тек 5048 ғана жәрдемақы алады. Жәрдемақы алатындардың басым бөлігі солдаттар мен түрмеден шыққандар.

XS
SM
MD
LG