Accessibility links

Димаш Құдайберген MTV Music Award сыйлығын алды


Димаш Құдайберген MTV Music Award алған сәті. 20 шілде 2017 жыл (Сурет әншінің продюссерінен алынды).
Димаш Құдайберген MTV Music Award алған сәті. 20 шілде 2017 жыл (Сурет әншінің продюссерінен алынды).

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "MTV Music Award" cыйлығымен марапатталды. Марапаттау рәсімі 20 шілдеде Қытайдың Шэнжэнь қаласында өткен. Сыйлықты әлемдік MTV арнасының қытайлық нұсқасы тапсырды. Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шаримов және қытайлық басылымдар хабарлады.

Димаш Құдайберген 19 шілдеде Қытайдың Гуанжоу қаласында Asian Music Gala жүлдесін "ең танымал шетелдік әнші" номинациясы бойынша алған.

23 жастағы әнші Димаш Құдайберген Қытайда сәуірде аяқталған I Am a Singer ән байқауында екінші орын алып, "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы бойынша Top Chinese Music Awards жүлдесін иеленген.

Әнші алдағы уақытта Қазақстан бойынша тур ұйымдастырмақ.

XS
SM
MD
LG