Accessibility links

Қазақстан сурдлимпиададағы алғашқы медалін алды


Шаяхмет Қанапянов (сол жақ шетте) сурдлимпиаданың күміс жүлдесін алған сәт. Самсун. 20 шілде 2017 жыл (Сурет Қазақстан делегациясының баспасөз қызметінен алынды).

Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан сурдлимпиадада Қазақстан алғашқы медалін алды.

Дзюдодан 66 килограмм салмақ дәрежесінде Шаяхмет Қанапянов күміс жүлде иеленді. Ол алғашқы кезеңде түркиялық Юлдуз Энесті, ширек финалда украиналық Владислав Мозуревті, жартылай финалда ирандық Али Голханиді жеңді. Шаяхмет Қанапянов финалда ресейлік Руслан Аскеровтен жеңілді.

Сурдлимпиада - есту қабілеті нашар спортшылар арасында өтетін жарыс. Самсундағы ойындарға әлемнің 150 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстаннан сурдлимпиадаға 50 спортшы барған. Жарыс 30 шілдеде аяқталады.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG