Accessibility links

Түркия мен Грекия жағалауында жер сілкінді


Кос аралында жер сілкінісінен қираған ғимарат. 21 шілде 2017 жыл.
Кос аралында жер сілкінісінен қираған ғимарат. 21 шілде 2017 жыл.

Грекия аралдары мен Түркияның Эгей теңізі жағасында болған жер сілкінісінен кем дегенде екі адам мерт болып, ондаған адам жарақаттанған.

Кос қаласының (Грекия) мэрі Гиоргис Киритсис журналистерге екі адамның өлімін, бірнеше ғимараттың бұзылғанын растаған. Құтқарушылар үш адамды үйінді астынан қазып алған. Қазір олар ауруханада жатыр.

Түркияның Бодрум қаласында елуге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінгені хабарланды.

АҚШ геология орталығының хабарлауынша, магнитудасы 6,7 жер сілкінісінің эпицентрі Бодрумнан он шақырым, Грекияның Кос аралынан 16 километр жерде болған.

XS
SM
MD
LG