Accessibility links

Калачи тұрғындары президент әкімшілігіне хат тапсырды


Калачи және Красногорск тұрғындары Виктор Лукьяненко және Лидия Чабанова Астанада. 21 шілде 2017 жыл.
Калачи және Красногорск тұрғындары Виктор Лукьяненко және Лидия Чабанова Астанада. 21 шілде 2017 жыл.

Ақмола облысындағы "ұйқы дертіне шалдыққан" Калачи және Красногорск тұрғындары Виктор Лукьяненко және Лидия Чабанова Астанаға келіп, президент әкімшілігіне өтініш хат тапсырды. Өтініште ауылдарынан 283 адамнан тұратын 124 отбасы әлі көшірілмегенін жазған.

- Әкімдіктің халықты көшіру жұмысына көңілім толмайды. Олар Қазақстан конституциясын мен заңдарын сыйламай, азаматтардың құқығын бұзып отыр, - деді Лукьяненко.

Жергілікті биліктің айтуынша, бұл адамдар Есіл қаласындағы жалдамалы коммуналдық пәтерге көшуден бас тартқан. Бірақ Лукьяненко әкімдік ойымен келіспейді.

"Жергілікті билік халыққа талапқа сай компенсация төлеу керек не Көкшетаудан көпқабатты үйден кең пәтер беру керек. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген" дейді наразы тұрғын.

Ал Лидия Чабанова 20 наурыздан бері облыс әкімінің қабылдауына кіре алмай жүргенін шағымданады. Оның айтуынша, әкімдік қызметкері ауылдан көшіру тақырыбын көтереді деп әкімінің қабылдауына жазбай отыр.

Лидия Чабанова мен Виктор Лукьяненко былтыр президент жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияға және парламент мәжілісі төрағасының атына хат тапсырған.

Калачи ауылында соңғы жылдары ондаған тұрғын белгісіз "ұйқы дерті" белгілерімен ауруханаға түскен. Науқастар дел-сал болып, бастары ауырып, есте сақтау қабілеті нашарлап, ұйқы басатынын айтып шағымданған. Бұған дейін бірнеше комиссия мен жүргізілген зерттеулер белгісіз дерттің нақты себептерін анықтай алмады. Тұрғындардың шағымдарынан соң билік калачиліктерді көшіруге шешім қабылдаған. Тұрғындардың біразы облыстың басқа аудандары мен ауылдарына көшірілген. Ауыл іргесінде Совет билігі кезінде өндіріліп, кейін жабылып қалған уран кеніші бар.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG