Accessibility links

Тамыздан бастап Алматыда қоғамдық көлік бағасы өседі


Алматыдағы жолаушылар автобусы.
Алматыдағы жолаушылар автобусы.

1 тамыздан бастап Алматыда автобус пен троллейбустің қолма-қол билеті 80 теңгеден 150 теңгеге өседі. Ал "Оңай" картасы, SMS және банк картасымен жолақы төлеу 80 теңге күйінде қала береді. Бұл туралы қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

"Бүгін шешімді тіргеу үшін әділет органдарына жібердік. 1 тамыздан бастап жол ақысын көтеруді жоспарлап отырмыз" деді басқарма бастығының орынбасары Бекзат Бекішов.

Басқарма бастығы Максұт Исаховтың айтуынша, алдағы уақытта электронды билет алатын, SMS банкинг арқылы жолақы төлейтін жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылады.

- Мысалы, алғашқы он билет 80 теңге, келесі он билет 75, кейінгі он билет 70 теңге болуы мүмкін. 20 билетті арзан жеңілдікпен сатып алу мүмкіндіктерін де қарастырамыз, - деді басқарма өкілі.

Алматыда соңғы рет жол бағасы 2012 жылы 50 теңгеден 80 теңгеге өскен.

XS
SM
MD
LG