Accessibility links

Атамбаев: қырғыз қызы ешуақытта бетін бүркемеген


Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев "бөтеннің мәдениетін дінмен шатастырмау керектігін" айтты.

21 шілдеде Ыстықкөл облысында Құрманжан Датқа атындағы көшпенділер өркениеті орталығын ашылу салтанатында Атамбаев "біздің әйелдеріміз еркін, ашық болған. Тіпті ел билеген. Қырғыз қызы ешқашан бетін бүркемеген. Бүкіл қырғызстандықдарды бөтеннің мәдениетін дінмен шатастырмауға шақырамын. Біздің өз мәдениетіміз, салтымы бар" деді.

​Атамбаев бұған дейін латын алфавитіне көшу туралы ойын айтып, "кириллицадан бас тарту түркі халықтарының арасын алшақтатады" деген.

XS
SM
MD
LG