Accessibility links

Ақтөбе: 2 адамды қаққан жүргізуші ауруханадан шықты


Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы саябақ жанындағы көлік апаты болған жер. 8 шілде 2017 жыл.
Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы саябақ жанындағы көлік апаты болған жер. 8 шілде 2017 жыл.

Ақтөбеде тұңғыш президент саябағы маңында жеке көлігімен екі жаяу жүргіншіні қаққан қыз ауруханадан шықты. Бұл туралы Азаттыққа облыстық жедел жәрдем ауруханасың бас дәрігер Рахымжан Арыстанов хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, апатқа ұшыраған көлік тізгінінде болған 18 жастағы қыз жедел жәрдем ауруханасының травмотология бөлімінде екі аптадай ем алған. Қазір жағдайы жақсы.

Осы аралықта оқиға куәгерлері мен жол апаты болған маңдағы бейнекамера жазбаларын қарап шыққан полиция жүргізуші қыздың жол бойында өзге көліктермен жарыспағанын айт0ан.

7 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 21.30 шамасында Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы орталық саябақ маңынан өтетін жолдан шығып кеткен жеңіл автокөлік екі жаяу жүргіншіні қағып, аударылып қалған. Көлік қаққан 19 жастағы қыз оқиға орнында мерт болған. Ауыр жарақат алған жас жігітті жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген. Ол осы аптаның басында ауруханадан шыққан.

Көлік апатының себебін полиция анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG