Accessibility links

АҚШ билігі келесі аптадан бастап америкалық туристердің Солтүсік Кореяға баруына тыйым салмақ. Бұл туралы туристік агенттіктерге сілтеме жасаған ВВС телеарнасы хабарлады.

Бұл ақпаратты Young Pionner туристік агенттігі де растаған. Солтүстік Корея түрмесінен шыққан соң қайтыс болған студент Отто Уормбир осы турагенттіктің қызметін пайдаланған.

Вирджиния университетінің 22 жастағы студенті Отто Уормбьерге 2016 жылы наурызда 15 жыл мәжбүрлі еңбекке жегілу жазасы кесілген еді. Ол Солтүстік Кореяда болғанында қонақүйде қабырғада ілініп тұрған саяси плакатты жыртып тастағаны үшін қамалған. Уормбиердің соты бір-ақ сағат болған. Содан бері оны көпшілік алдына шығармаған.

Кейін ол Солтүстік Кореяда комаға түскен соң АҚШ-қа қайтарылған еді. Уормбьердің не себепті комаға түскені әзірге белгісіз. Америкалық дәрігерлер Солтүстік Корея билігінің Уормбьер ботулизммен ауырып комаға түсті деген ресми тұжырымын жоққа шығарады.

Орта есеппен жыл сайын Солтүстік Кореяға мыңға жуық америкалық турист барады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG