Accessibility links

Google: Қазақстан жүздеген материалды жоюды сұрады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2016 жылы Қазақстан Google компаниясына 20-дан астам өтініш жазып, 268 материалды жоюды сұраған. Өтініштердің басым бөлігі мемлекеттік органдар келген. Тек бір өтініш соттан түскен. Соттың өтініші қанағаттандырылмаған. Бұл туралы компанияның арнайы есебінде жарияланды.

Қазақстан компаниядан ұлттық қауіпсіздікке қатысты, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, жеке бас құпиясы бар және мемлекетті сынаған контенттерді жоюды сұраған. Google 2016 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан үкіметі сұраған материалдардың 36 пайызын, екінші жартысында 20 пайызын ғана жойған.

"Қазақстаннан келген өтініштердің көбін жоя алмадық. Мемлекеттің кей өтініштерін де нақтылық жоқ, себебін ашып көрсетпеген" деп жазылған компанияның есебінде.

Қазақстан үкіметі 2009-2006 жылы Google компаниясына 56 рет өтініш жазып, 960 материалды алып тастауды сұраған. .

XS
SM
MD
LG