Accessibility links

АҚШ әуе шабуылынан абайсызда 12 ауған сарбазы мерт болды


Гилменд провинциясында жүрген полиция сарбаздары. Ауғанстан, 21 шілде 2017 жыл.
Гилменд провинциясында жүрген полиция сарбаздары. Ауғанстан, 21 шілде 2017 жыл.

Гилменд провинциясының полиция бастығы Абдул Ғафар Сафи АҚШ-тың әуе шабуылынан Ауғанстанның ұлттық полициясының 12 қызметкері қаза тапқанын, екі қызметкері жараланғанын айтады. Қаза тапқан полицейлер саны Гилменд провинциясының Гереш ауданындағы тексерістен кейін анықталған.

21 шілде күні Пентагон АҚШ әуе шабуылы кезінде қателік кетіп, ауған қауіпсіздік мекемелерінің қызметкерлері қаза тапқанын растады.

Ауған әскері Гилменд провинциясынан "Талибан" содырларын тықсырып шығару үшін майдан жүргізіп жатыр.

22 шілде күні Ауғанстанның солтүстік Бадахшан провинциясының губернаторы Ахмад Фейсал Бигзад содырлармен соғыс кезінде 11 адамның мерт болып, алты адамның жараланғанын хабарлады.

Бигзад 21 шілде болған атыстан кейін Тагаба ауданында жергілікті полицияның 20 қызметкерінің жоғалып кеткенін айтады.

Содырлармен соғыс жүріп жатқан таулы ауданға көлік қатынасы жоқ, телефон байланысы нашар.


XS
SM
MD
LG