Accessibility links

Трамп АҚШ-тың Иранда ұсталған азаматтарын босатуды талап етті


Тістеуік ұстап тұрған АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 19 шілде 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Тістеуік ұстап тұрған АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 19 шілде 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті Дональд Трамп "егер Американың әділетсіз ұсталған азаматтарын босатпайтын болса, Иран жаңа әрі қиын проблемаларға ұшырайды" деп мәлімдеді. Трамптың осылай мәлімдегенін Ақ үй 21 шілде хабарлады.

Трамп Тегеранды ФБР-дің бұрынғы агенті, 10 жыл бұрын Иранда жоғалып кеткен Роберт Левинсонды қайтарып беруге, кәсіпкер Сиамак Намази мен оның әкесі Бакерді және "Иранда әділетсіз ұсталған" АҚШ-тың басқа да азаматтарын босатуға шақырды.

"Иран 40 жыл бойы мемлекеттік саясаттың тәсілі ретінде ұстау, кепілге алу әдістерін пайдаланып келді. Бұл практика Сиюэ Ванды 10 жылға бас бостандығын айыру үкімімен қазір де жалғасып отыр" дейді Ақ үй өткен аптада тыңшы ретінде сотталған Принстон зерттеушісін еске ала отырып.

Ақ үй "АҚШ-тың ұсталған азаматтарының амандығына Иран жауап береді" деген. Мәлімдемеде "азаматтарды қайтармаса, президент Трамп Иранға жаңа қысымдар жасауы мүмкін" деген ескерту жазылған.

XS
SM
MD
LG