Accessibility links

Астана Бодрумдағы Қазақстан туристерінің "үрейленгенін" жоққа шығарды


Түркиядағы жағажай. (Көрнекі сурет)
Түркиядағы жағажай. (Көрнекі сурет)

Түркияның Бодрум қаласындағы 20-ға жуық қазақстандық турист жер сілкінісінен кейін дипломаттарға хабарласқан. Бұл туралы Tengrinews агенттігі Қазақстан сыртқы істер министрлігіне (СІМ) сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мұның алдында қазақстандық туристер Facebook желісінде "жердің бүгін түнде де сілкінгенін, туристер үрейленіп, далаға немесе жағажайға түнеп шыққанын" жазған. Қазақстанға қайта алмай (ұша алмай) отырғандарын хабарлағандар да болған.

СІМ баспасөз қызметі Бодрумдағы жағдайдың қалыпты екенін, ешқандай үрей жоқ екенін мәлімдеді.

СІМ «Кешелі бері Стамбулдағы бас консулдығымыз бен Анкарадағы консулдыққа 20-ға жуық азамат хабарласты. Олар негізінен өздерінің байланыс ақпараттарын, қайда екендерін баяндап, кеңестер алды. Ұшақ рейстері шегерілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Барлық авиарейстер кесте бойынша ұшып жатыр, ешқандай ұшақ сапары шегерілмеген. Жалпы айтқанда, хабарласқан азаматтардың ешқайсысы үйлеріне қайтуға көмектесу туралы өтініш, тіпті демалысын тоқтату сөз айтқан жоқ" деген.

Түркия жағалауында жұма күні қатты жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Бодрум қаласына таяу болған. Ондаған адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Мерт болғандар да бар.

ВИДЕО: Эгей теңізіндегі жер сілкінісі

Эгей теңізіндегі жер сілкінісі
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:40 0:00

XS
SM
MD
LG