Польша президенті Анджей Дуданың баспасөз хатшысы "Сенат қабылдаған осы елдің жоғарғы соты туралы заң жобасына президенттің көңілі толмағанын" хабарлаған. Анджей Дуда жаңа заң саясаткерлердің жоғарғы сотқа ықпал етуіне жол береді деп санайды.
Польша президенті Анджей Дуданың баспасөз хатшысы Анджей Лапински "президенттің заң жобасына қол қоятын-қоймайтынын немесе конституциялық сот көмегіне жүгінетін-жүгінбейтінін" анықтап айтпады. Лапински тек Дуданың заң жобасындағы екі бапқа күмәнданып отырғанын хабарлады.
Польша сенаты заң жобасын 22 шілде күні мақұлдады. Заң жобасын биліктегі популистік партия ұсынған. Дудаға заң жобаларына қол қою үшін 21 күн беріледі. Бұған дейін ол биліктегі партия ұсынған заң жобаларын қолдап келген.
Заң жобасы жоғарғы сот судьяларын жұмыстан босату мәселелерін қарастырады, алайда президент бекіткен судьяларды ешкім орнынан ала алмайды, мұндай өкілеттілік президенттің соттарға деген ықпалын күшейтеді.
Еуропа Одағы лидерлері бұл заң жобасын сот жүйесінің тәуелсіздігіне және заң үстемдігін қамтамасыз етуге зияны тиеді деп сынаған болатын.
21 шілде күні заң жобасына наразылықтарын білдіріп мыңдаған поляк көшеге шыққан.