Accessibility links

Еуроодақ АҚШ-ты Ресейге қарсы жаңа санкцияларды "жетілік тобымен" үйлестіруге шақырды


АҚШ Конгресінің ғимараты. (Көрнекі сурет.)
АҚШ Конгресінің ғимараты. (Көрнекі сурет.)

АҚШ конгресіндегі қос партияның өкілдері Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасының мәтінін келісті деп хабарлайды Reuters.

Сенбі күні конресс мүшелерінің келісімі туралы жариялаған өкілдер палатасындағы демократтар жетекшісі Нэнси Пелоси заң жобасы мәтініндегі Солтүстік Корея туралы жаңа баптың енгізілуі құжатты қабылдануының кешеуілдетуі мүмкін екенін айтқан.

Сенаттың сыртқы істер жөніндегі комитетінің мүшесі, демократ Бен Кардиннің мәлімдеуінше, «қызу пікірталас» барысында консенсусқа қол жеткізілген. Ол заң жобасын конгрестің қос палатасы мақұлдап, Ресейге қарсы бұрынғыдан да қатаң саясат ұстануға бағытталған құжатты АҚШ президенті Дональд Трамп қолдайды деген үміт білдірген.

Еуропа Одағы АҚШ-ты Ресейге қатысты жаңа шектеу шараларын "жетілік тобымен" үйлестіруге шақырған.

XS
SM
MD
LG