Accessibility links

Сирия үкімет армиясы Шығыс Гутадағы бітім туралы жариялады


Шығыс Гутада жаралыны көтеріп әкеле жатқан адамдар, Сирия, 3 сәуір 2017 жыл.
Шығыс Гутада жаралыны көтеріп әкеле жатқан адамдар, Сирия, 3 сәуір 2017 жыл.

Сирияның үкімет әскері сенбі күні Дамаск маңындағы көтерілісшілер бақылауындағы Шығыс Гута ауданында атыстың тоқтатылатыны туралы жариялады. Бірақ, үкімет армиясы өзіне қарсы оқ атылған жағдайда оған оқ атып жауап қайтаратыны туралы мәлімдеген.

Шығыс Гутадағы "Файлак әл-Рахман" көтерілісшілер тобы аталған бітімді құптап, оны Сириядағы қарулы жанжалды реттеу жолындағы алғашқы қадам деп атаған.

Сириялық адам құқықтарын қадағалау орталығы Шығыс Гута ауданында жекелеген атыстар болғаны, бірақ үлкен әскери қақтығыстар тіркелмегені туралы хабарлаған.

Бұған дейін АҚШ, Ресей және Иордания арасында жасалған келісімге сәйкес, шілденің 9-нан бастап Сирияның оңтүстік-батысындағы Дераа, әл-Кунейтр және Сувейд аудандарында атысты доғару туралы бітім күшіне енген.

XS
SM
MD
LG