Accessibility links

Ауғанстанда экстремистер ондаған адамды ұрлап, жетеуін өлтірген


Ауғанстандық қауіпсіздік күштері сарбаздары. 21 шілде 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ауғанстандық қауіпсіздік күштері сарбаздары. 21 шілде 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар уәлаятында «Талибан» экстремистері ондаған адамды ұрлап, кейін жетеуін өлтірген. Бұл туралы жергілікті билік орындары хабарлады. Оқиға шілденің 21-і күні болған.

"Талибан" Қандағар-Таринкот тасжолы бойындағы ауылдан70 адамды үйлерінен ұстап әкеткен, кейін олардың кемінде жетеуін өлтірген, олардың сүйектерін сенбі күні таңертең ауыл тұрғындары тауып алған", - деп мәлімдеді Қандағар аймақтық полициясының басшысы Абдул Разик.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, "Талибан" содырлары оқиға болған күннің ертесінде 20-30 адамды босатқан, өзгелерін тұтқында ұстап отыр.

"Талибан" қозғалысы әзірше Қандағардағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.

XS
SM
MD
LG