Accessibility links

АҚШ-тағы Ресей елшісі Сергей Кисляк қызметін аяқтады


АҚШ-тағы Ресей елшісі Сергей Кисляк. Вашингтон, 27 сәуір 2016 жыл.

Сергей Кисляк АҚШ-тағы Ресей елшісі қызметін аяқтады. Ол бұл қызметте тоғыз жыл істеген. Вашингтондағы елші міндетін бұған дейін Ресей сыртқы істер вице-министрі болған, қарусыздандыру мәселелері жөніндегі маман Анатолий Антонов атқаратын болады.

Сергей Кисляк соңғы жылы Дональд Трамптың төңірегіндегілердің Ресеймен байланыстарын және Мәскеудің АҚШ-тағы сайлауға ықпалын тексеру ісінде негізгі тұлғалардың біріне айналды. Мәселен, Трамптың кеңесшісі болған Майкл Флинн Ресей елшісімен кездескені және сөйлескені мәлім болғаннан кейін қызметінен босатылған. АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс "ресейлік елшімен байланыстарын жасырып қалған" деген айыптауға іліккен. Кремль өз атына айтылған айыптаулардың барлығын жоққа шығарады.

Бұған дейін ресейлік ТАСС агенттігі Сергей Кисляк федерация кеңесіндегі Мордовиядан сайланған өкілі болып істейтіні туралы хабарлаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG