Accessibility links

Мәскеуде жүздеген адам "Еркін интернет үшін" шеруіне шықты


"Яндекс" компаниясы кеңсесінің алды. Мәскеу, 16 мамыр 2017 жыл.
"Яндекс" компаниясы кеңсесінің алды. Мәскеу, 16 мамыр 2017 жыл.

Мәскеу орталығында бүгін бірнеше жүз адам «Еркін интернет үшін» шеруіне шықты. Жергілікті биліктің келісімі бойынша өткен акцияға қатысушылар «Роскомнадзор» мекемесінің басшысы Александр Жаровтың отставкаға кетуін талап еткен.

Шараны ұйымдастырушылар интернеттегі цензураға қарсы. Олар сонымен бірге Ресей билігін әлеуметтік желілердегі жазбаларды қайтара жариялағаны және құптап дауыс бергені үшін сотталған адамдарды ақтауға шақырған. Бұған дейін шілденің 16-сы күні дәл осындай акция Санкт-Петербург қаласында өткізілген.

Freedom House құқық қорғау ұйымының есебі бойынша, Ресей әлемдегі "интернеті еркін емес" 20 елдің қатарына енеді. Биыл жазғы каникулға шығар алдында Ресей мемлекеттік думасы интернетке қосымша шектеулер енгізуді мақұлдаған. Атап айтқанда, олар интернеттегі тосқауылдарды айналып өту құралдарына тыйым салу және мессенджерлер жұмысын реттеу туралы заңдарды қабылдаған.

XS
SM
MD
LG