Accessibility links

Ауғанстанның Түркменстанмен шекарасы маңындағы Фарьяб провинциясы Кухистан аймағы "Талибанның" қол астына өтті.

Фарьяб әкімшілігінің баспасөз хатшысы Ахмадджовид Бедор айтуынша, "Талибан" Кухистанға 23 шілдеде түнгі сағат үш жарымда шабуыл жасап, әкімшілік әскерін аймақтан шығарған. "Талибан" қала билігінің ғимаратын басып алған. Ал Ауғанстан әскерилері Кухистанға жақын елдімекендердің біріне барып жасырынған.

Фарьябпен шектесетін Гур провинциясының билігі де 23 шілде таңертен бір ауданның "Талибан" қол астына өткенін хабарлады.

Гур губернаторы Гуломносир Хозе Азаттықтың өзбек қызметіне соңғы уақытқа дейін биліктен әскери көмек күткенін, бірақ ол уақытында келмегенін айтқан. Қақтығыс кезінде Ауғанстан әскерилері де, талиб жасақтарынан да адам өлген.

Биыл сәуір соңында "Талибан" Пәкістан және Тәжікстанмен шекара маңындағы Зебак уездін басып алған. Ал 11 мамырда бұл уезді Ауғанстан әскери күштері қайтарып алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG