Accessibility links

Қазақстан сурдлимпиадада тағы екі медаль алды


Сурдлимпиадада қола алған Қазақстан үстел теннис құрамасы (Сурет Қазақстан құрамасының баспасөз қызметінен алынды).
Сурдлимпиадада қола алған Қазақстан үстел теннис құрамасы (Сурет Қазақстан құрамасының баспасөз қызметінен алынды).

Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан сурдлимпиадада Қазақстан спортшылары екі қола медаль иеленді.

Грек-рим күресінен 130 килограмда Қайратхан Шонху үшінші орын алды. Ол ширек финалда грекиялық Александрос Пападатостан жеңіліп, қолаға таласта түркиялық Кемил Огузхан Симсектен басым түсті.

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы да қола медаль иеленді. Данияр Ескендіров, Қанат Қоңқыбаев және Ғайып Данияров бастаған Қазақстан командасы ширек финалда Оңтүстік Кореяны жеңіп, жартылай финалда Тайпейден жеңілді. Жарыс ережесіне сай жартылай финалда жеңілген командаға бірден қола медаль беріледі.

XS
SM
MD
LG