Accessibility links

БҰҰ Иерусалимдегі жағдайды шұғыл отырыста талқылайды


БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі.

24 шілдеде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Египет, Франция және Швецияның сұрауымен Иерусалимдегі жағдайға байланысты шұғыл жабық отырыс өткізеді.

Бұған дейін Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иерусалимге кіре берістегі Храм тауына орнатылған металл анықтағыш құрал алынбайтынын мәлімдеген. Израиль бұл аймаққа бейнебақылау орнатқан. Араб лигасы елдері Израиль Храм тауын жауып тастап, "отпен ойнап отыр" деп ескерткен.

14 шілдеде Израильдің екі полициясын өлтіріп кеткеннен кейін Иерусалимде қақтығыстар жиілеген. 21 шілдеде болған қарсылық шарасында жергілікті тұрғындар үш палестиналықты өлтіріп тастаған.

XS
SM
MD
LG