Accessibility links

Сандерс: Трамп жаңа санкция салу ұсынысын қолдайды


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға жаңа санкция салуды қолдайды. Бұл туралы Ақ үйдің жаңа баспасөз қызметкері Сара Сандерс мәлімдеді.

Осыған дейін Конгресс "президенттің Мәскеуге салынған санкцияларды алып тастау құқығынан айыру" туралы ұсыныс жасаған. Сара Сандрес президент әкімшілігі бұл мәселені Конреспен талқылауға дайын екенін айтты. Сенат мүшесі Джон Тьюн бұл ұсыныс сенатта көп дауыс жинап, президенттің ветосын айналып өтеді деп үміттенеді. Ал демократ сенатор Бен Кардин бұл құжат Конгрестің екі палатасында да үлкен қолдауға ие болады деп күтеді.

Сенбіде Конгресс Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға қосымша санкция салуға байланысты заң жобасын ұсынған. 25 шілдеде бұл құжатқа қатысты конгресмендердің дауыс береді.

XS
SM
MD
LG