Accessibility links

Атамбаев: билікті бейбіт жолмен тапсырамын


Алмазбек Атамбаев Ыстықкөлдегі баспасөз мәслихатында. 24 шілде 2017 жыл.
Алмазбек Атамбаев Ыстықкөлдегі баспасөз мәслихатында. 24 шілде 2017 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін Ыстықкөлде жыл сайынғы дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізді. Президенттің баспасөз қызметі баспасөз мәслихатына 70-тен астам журналист, сарапшы және саясаттанушы аккредитация алғанын мәлімдеді.

Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, президент әкімшілігі баспасөз мәслихатынан тікелей эфир жүргізуге рұқсат етпеген. Атамбаев журналистермен кездесуде "билікті бейбіт жолмен тапсырамын Елде сайлауды пайдаланып бүлік шығарғысы келгендер жазаланады" деді.

Атамбаев бұған дейін үш рет баспасөз мәслихатын өткізген. Оның президенттік өкілеттілігі биыл аяқталады. Атамбаев "бұл менің президент ретінде соңғы баспасөз мәслихатым. 1 желтоқсанда жаңа президент сайланады" деді.

XS
SM
MD
LG