Accessibility links

БАҚ: Аброр ФСБ-дан қысым көргенін айтты


 Аброр Азимов
Аброр Азимов

Санкт-Петербург метросында жарылыс жасады деп қамауға алынған күдікті Аброр Азимов Ресей федеральды қауіпсіздік қызметін (ФСБ) қысым жасады деп айыптады. Азимов әскери тергеу басқармасына шағымданған. Бұл туралы Republic басылымы хабарлады.

Азимовтың айтуынша, "4 сәуірде жалға алған көлігімен Мәскеуден шыға бергенде ФСБ адамдары оны белгісіз жерге апарып, қылмысты өз мойнына алуды талап етіп, қинаған".

3 сәуірде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында метрода жасалған жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам зардап шеккен. Қаза тапқандардың арасында Ресейде оқып жүрген Қазақстан азаматы Максим Арышев та болған.

Билік орындары «жанкештілік жарылысқа» күдікті ретінде Қырғызстан тумасы, Ресей азаматы Акбаржон Жалиловтың аты-жөнін жариялап, шабуыл кезінде оның өзі де қаза тапқаны туралы мәлімдеген. Ресей шабуылды Аброр Азимов ұйымдастырды дейді. Азимов өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG