Accessibility links

Ұлттық бюро: ОҚО-да екі мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды


Көрнекі сурет.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысында екі мемлекеттік қызметкер парамен ұсталғанын хабарлады.

Ұлттық бюро хабарламасында "23 шілдеде облыстық тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай мен облыстың тексеру комиссиясының бас аудиторы Б.Құдияровтың 7 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды. С.Шалабай Шымкент қалалық ішкі істер басқармасында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Б.Құдияров қылмысын толықтай мойындауына байланысты қамалған жоқ" деп жазылған.

Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

AzattyqTV

Түрксіб темір жолы қалай салынып еді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:45 0:00
XS
SM
MD
LG