Accessibility links

Астанада жыл басынан бері 17 бала терезеден құлаған


Астанадағы көпқабатты үйдің бірі. Көрнекі сурет.
Астанадағы көпқабатты үйдің бірі. Көрнекі сурет.

Жыл басынан бері Астанада 17 бала терезден құлап, үшеуі мерт болған. Бұл туралы Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек мәлімдеді.

Бүгін, 24 шілдеден Астанада "Терезені жабыңыз - үйде бала бар" акциясы басталды. Шара барысында әкімдік тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы рейдтер ұйымдастырылады.

"Ата-аналар терезені қашанда жауып жүру керек. Терезе маңына жиһаз қоймаған жөн және терезеге баланың күші жетпейтін арнайы қорғаныс жүйе орнатқан жөн" дейді Тұрлыбек.

Биыл мамырда Астанада 5 жасар ұл бала терезеден құлап аман қалған.

XS
SM
MD
LG