Accessibility links

Оралда адам қаққан көлікті "полицей жүргізгенін" айтады


Жол апатынан көз жұман Айгүл Сүлейменова (сурет туысқандарынан алынды).
Жол апатынан көз жұман Айгүл Сүлейменова (сурет туысқандарынан алынды).

Оралдағы Көктем ықшамауданында жол талғамайтын көлік екі адамды қағып кетті. Жол апатынан Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны 42 жастағы Айгүл Сүлейменова қаза тауып, оның 22 жастағы қызы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Бұл туралы Азаттыққа қаза тапқан Сүлейменованың әпкесі Назгүл Оразаева хабарлады.

Оның айтуынша, 22 шілдеде болған апат кезінде көлікті 36 жастағы Орал қалалық ішкі істер басқармасы жедел-қылмыстық бөлімінің экс-жетекшісі Самат Наурызов жүргізген.

- Бір адам қайтыс болды, бір адам ауруханада жатыр. Бірақ ол қамауға алынған жоқ. Ол бостандықта жүріп тергеуге кедергі келтіре ме деп қауіптенеміз. Осы істі тергеуші Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің тергеушісі Рустам Жалиев әлі туысқандарына келіп, іске қатысты сұрақ алған жоқ, - дейді Оразаева.

Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бұл іске қатысты тергеуге жүріп жатқанын айтып, пікір берген жоқ. Самат Наурызовтың қайда қызмет жасайтынын айтпады. Самат Наурызов та оқиғаға қатысты Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Наурызов 2014 жылы «Информбиржа» басылымына өзінің Алматы ішкі істер министрлігі академиясын аяқтағанын, 14 жыл тергеуші болып жұмыс істегенін айтқан.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG