Accessibility links

СІМ: Египетке кеткен алты қазақстандықтан хабар жоқ


Египеттің картасы.
Египеттің картасы.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Каирға тіл оқуға кеткен алты қазақстандықтан бірнеше күннен бері хабар жоқ.

Египетке кеткендердің туысқандарының айтуынша, олар 11 шілдеде Алматыдан Шарджаға ұшып, кейін Александрияға барған. Алтауы да бір пәтерді жалдап тұрған. 20 шілдеден бері байланысқа шықпаған.

“Египеттегі Қазақстан елшілігі Египет ішкі істер министрлігіне нота жолдап, көмек сұрады. Елшілік өкілдері жоғалған жігіттердің туысқандарымен байланыста” деді министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

XS
SM
MD
LG