Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты


Лахордағы жарылыс болған аймақ. 24 шілде 2017 жыл
Лахордағы жарылыс болған аймақ. 24 шілде 2017 жыл

Пәкістанның Лахор қаласында болған жарылыстан жиырмаға жуық адам қаза тапты. Бұл туралы Пәкістан ресми органдарының хабарлауынша, жарылыс 24 шілде кешкісін қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Жергілікті билік жарылыстан елуге жуық адам жарақат алғанын, олар ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Чаудри Нисар Али Ханның айтуынша, зардап шеккендердің көбі - полиция мен қала тұрғындары. Жергілікті биліктің пайымдауынша, “жарылыс террорлық шабуыл және полицияға бағытталуы мүмкін”.

Лахор - Пәкістандағы жарылыс ең көп болатын қалалардың бірі. 24 шілдеде Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс болып, отызға жуық адам мерт болған. Бұл шабуылды “Талибан” өз мойнына алды.

XS
SM
MD
LG