Accessibility links

Шешенстанда “Қадыровқа тіл тигізген” он адам ұсталды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Шешенстанда мессенджер арқылы сөйлескені үшін он адамды ұстаған. Жас жігіттер мессенджер арқылы аудио және видео хабарлама алмасып, Шешенстан президенті Рамзан Қадыровты тіл тигізген деп айыпталып отыр. Бұл туралы “Кавказ.Реалии” сайтына жергілікті тұрғындар айтқан.

Былтыр Шешенстан тұрғыны республикадағы коррупция мәселесін айтып, Ресей президенті Владимир Путинге шағымданған. Кейін оның үйін белгісіз біреулер өртеп жіберген. Джалалидинов елден кетіп қалған.

Шешенстанның тағы бір тұрғыны Марет Зансулаева да елдегі жемқорлық пен әлеуметтік мәселелерді айтқан еді. Осыдан кейін жергілікті парламенттің депутаты Магомед Даудов Зансулаевамен кездескен. Бұл кездесу барысында Занзулаева Қадыровтан кешірім сұраған.

XS
SM
MD
LG