Accessibility links

Ресей Сириядағы деэскалация аймағында жұмысын бастады


Сириядағы қираған аймақтардың бірі
Сириядағы қираған аймақтардың бірі

Ресейлік әскери полиция Сирияның Дамаск провинциясындағы Шығыс Гута аймағында жұмысын бастады.

Ресейлік әскерилер екі бақылау-өткізу пунктін және төрт бақылау постын құрған. Ресей қорғаныс министрлігі бұл жұмыс бітім келісімнің орындалуын бақылап, гуманитарлық көмек жеткізуге, босқындардың үйлеріне оралуына көмектеседі.

9 шілдеде Сирияның Дераа, Әл-Кунейтра және Сувейда аймағында Ресей, АҚШ және Иорданияның қолдауымен бітім келісімі орнаған. 22 шілдеде ресейлік әскерилер мен сириялық оппозиция "Шығыс Гута" деэсклация аймағында жұмыс істеу келісіміне қол қойған.

Сирияда төрт деэскалация аймағын құру туралы келісім мамырда Астанада өткен келіссөзде мақұлданған.

XS
SM
MD
LG