Accessibility links

Білім гранттарының саны жарияланды


Университет алдындағы талапкерлер тест тапсыруға кіргелі тұрған сәт.
Университет алдындағы талапкерлер тест тапсыруға кіргелі тұрған сәт.

Қазақстан білім және ғылым министрлігі 2017/18 жылғы оқу жылына бөлінетін мемлекеттік гранттардың санын жариялады.

Биыл мемлекеттен бакалаврге 40 мыңнан астам грант бөлінген. Техникалық мамандықтарға 11255, білім беруге 6385, медицинаға 2900 грант қарастырылған.

Ал магистратураға 19 мыңға жуық, докторантураға 1500 жуық грант берілген.

Биыл Қазақстанда өткен ҰБТ барлығы 88 мыңнан астам түлек қатысып, 15 пайызы тестілеуден өте алмаған.

XS
SM
MD
LG