Accessibility links

Оралда "шейх Халилдің" соты басталды


Абдухалил Абдужаббаров (сол жақта) пен адвокаты Жандос Бұлқайыр сот отырысында. Орал. 25 шілде 2017 жыл.

Орал қалалық сотында 42 жастағы Абдухалил Абдужаббаровтың соты басталды. Оған "терроризмді насихаттау" және "діни араздықты қоздыру" айыптары тағылған.

Прокурор Қайрат Дәукеновтың айтуынша, Абдужаббаров 2003 жылдан бері Атырау, Орал және Ақтөбе мешіттерінде уаххабизм және тәкпір идеяларын насихаттаған.

"Жұртқа "шейх Халил" есімімен танымал Абдужаббаров намаз оқымайтын мұсылмандарды "кәпір" деп атап, халықты жиһадқа шақырып келген" дейді прокурор.

Абдужаббаров өзіне тағылған айыпты мойындамады. Сотқа оның ағасы, әйелі және балаларының бірі келді. Абдужаббаровтың адвокаты Жандос Бұлқайыр іспен танысып шығу үшін судьядан сотты кейінге қалдыруды сұрады. Келесі сот отырысы 1 тамызға белгіленді. Судья бұл іс бойынша жүзге жуық куәгер сұралатынын айтты. Куәгерлер өз өмірлерінің қауіпсіздігі үшін сұрау жабық болуын өтінген.

Абдухалил Абдужаббаровтың жақындары сот отырысында. 25 шілде 2017 жыл.
Абдухалил Абдужаббаровтың жақындары сот отырысында. 25 шілде 2017 жыл.

Биыл ақпанда Қазақстанға Сауд Арабиясынан "терроризмді насихаттады" деген күдікпен іздеу жарияланған азамат Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының тумасы Абдухалил Абдужаббаров депортацияланған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG