Accessibility links

"Талибан" Ауғанстандағы үшінші ауданды басып алды


"Талибан" содырлары. Көрнекі сурет.
"Талибан" содырлары. Көрнекі сурет.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактиа провинциясы Яни Хел ауданын басып алған. Аудан үшін Ауғанстан әскері мен "Талибан" содырлары арасындағы қақтығыс болған. 25 шілде таң ата "Талибан" ауданға бақылау орнатқан.

Провинциялық полицияның хабарлауынша, "Талибан" губернатор офисін, полиция штабын және емхананы өртеп жіберген. Екі тараптан да адам шығыны бар.

23 шілдеде "Талибан" Кухистан аймағындағы екі ауданға бақылау орнатқан.

XS
SM
MD
LG