Accessibility links

Ақтөбеде 20 шақты тұрғын "жағымсыз иіске" наразы болды


Ақтөбедегі көшелердің бірі. 8 шілде 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Ақтөбедегі көшелердің бірі. 8 шілде 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбедегі денсаулық паркіне жиналған 20 шақты тұрғын "қаланы жайлап кеткен жағымсыз иіске" наразылық білдірді. Белсенділердің бірі Әйгерім Бижанованың айтуынша, тұрғындар алдымен жағымсыз иіс туралы жергілікті әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазған.

"Ешқандай реакция болмағандықтан наразылығымызды білдіру үшін денсаулық паркіне жиналдық. Басқа лажымыз қалмады. Өз басым "айрықша" баланың анасымын. Жағымсыз иістен балам түнімен көз ілмей жылап шығады" дейді Әйгерім Бижанова.

Түстен кейін осы мәселеге орай түсініктеме берген облыстық әкімдік "жағымсыз иіс таратушы кәсіпорындар тексерілетінін" xабарлады.

"Ыстық ауа райына байланысты кәріз жүйелеріндегі күкіртсутегінің түзілуі жоғарылады. Температура күндіз 30-33 градусқа дейін жетіп, түнде 18-20 градусқа дейін төмендейді. Температураның осылай ауытқуы салдарынан түнгі уақытта атмосфералық қысым күрт төмендейді де, күкіртсутегінің қалаға ауа салмағымен бөлінуіне әкеліп соғады" делінген облыстық әкімдік жолдаған xабарламада.

Әкімдік экология департаментіне экологиялық нормаларды сақтамайтын кәсіпорындарды жоспардан тыс тексеруді тапсырған. Тексеру нәтижесі екі аптаның жариялануы тиіс.

XS
SM
MD
LG