Accessibility links

АҚШ Конгресі Ресейге салынатын жаңа санкцияларды мақұлдады


АҚШ Конгресінің ғимараты.

АҚШ Конгресі палатасының мүшелері 25 шілдеде Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға салынатын жаңа санкциялар туралы заңды мақұлдады. Заңды 419 конгресмен қолдап, үшеуі қарсы шыққан. Заң Конгресте көп дауыс алғандықтан президент Трамп санкцияны созу туралы құжатқа қол қоюы тиіс.

Заң жобасында "президент санкция режимін өзгертіп не әлсіреткен жағдайда Конгресс оған вето жариялай алады" деген шарт та енген. Алдағы уақытта санкцияға қатысты барлық шешім президент әкімшілігінде емес Конгресте қаралады.

Бұл заңды президент Трамптың тамыздың екінші жартысында қарауы тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG