Accessibility links

Жоғарғы палата Путиннен Польшаға санкция салуды сұрады


Варшавадағы ескерткіштердің бірі.
Варшавадағы ескерткіштердің бірі.

Ресей парламентінің жоғарғы палатасы депутаттары президент Владимир Путиннен Польшаға санкция салу туралы құжаттар дайындауды сұрады. Депутаттар Польша билігінің ел аумағында Совет заманындағы ескерткіштерді бұзып жатқанына наразы. Бірақ Кремль Путин бұл мәселеге қатысты әлі шешім қабылдамағанын айтты.

Польша президенті Анджей Дуда 17 шілдеде коммунизм мен тоталитарлық жүйені насихаттайтын ғимараттар мен объектілерге тыйым салу туралы заңға өзгерулер енгізді. Түзетілген заңда "ескерткіштер, объектілер, оқиғалар мен даталар арқылы коммунизм мен тоталитаризмді насихаттауға жол берілмейді" деп көрсетілген. Заңға сай, "коммунизмді насихаттайтын объектілерге" зираттар мен ғылыми мақсаттағы ескерткіштер жатпайды. Польша территориясында мұндай 496 объекті бар, оның 250-ден астамы Қызыл армияға арналған. Ресми Варшава бұл ескерткіштерді бір жылдың көлемінде демонтаж жасамақ.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі пайымдауынша, Польшаның бұл қадамы екі ел арасындағы мәдени мұра келісіміне қарсы.

XS
SM
MD
LG