Accessibility links

Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты


25 шілдеден 26 шілдеге ауған түні Алматы қаласындағы Рысқұлов-Шәріпов көшесінде болған жол апатынан үш адам қаза тауып, бір адам жарақаттанған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Toyota Ipsum және Mercedes-Benz көліктері соқтығысқан. Қай көліктің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне жүргені әзірге белгісіз. Көлік апатынан Toyota көлігіндегі екі жолаушы және Mercedes машинасының жүргізушісі қайтыс болған. Toyota Ipsum жүргізушісі ауруханада жатыр. Қазір полиция жол апатының себептерін тексеріп жатыр.

25 шілдеде Алматыдағы Жандосов және Береговой көшесінде көлік бес адамды қағып, жарақаттаған. Қазір екі адам ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG