Accessibility links

"Қайратқа" жаңа бапкер тағайындалды


"Қайрат" командасының жаңа бапкері Карлос Алос Феррер (Сурет клубтың ресми сайтынан алынды).
"Қайрат" командасының жаңа бапкері Карлос Алос Феррер (Сурет клубтың ресми сайтынан алынды).

Футболдан "Қайрат" командасына жаңа бапкер тағайындалды. Енді алматылық клубты испаниялық маман Карлос Алос Феррер жаттықтырады. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Испаниялық маман Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырып жүрген. Феррер польшалық "Погонь" клубында бас бапкер болған. Польшадағы "Барселона" спорт мектебінде, Гонконгтағы футбол академиясында жұыс істеген. Феррер "Қайратта" маусым соңына дейін жұмыс істейді.

"Қайрат" футбол командасы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде албаниялық "Скендербеу" командасынан жеңілген соң грузиялық бас бапкер Кахабер Цхададзе отставкаға кеткен. Кейін команда бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев команданың даму стратегиясы мен бағытын өзгертетінін, "жалған футболшыларға" ақша құюдан шаршағанын айтқан.

"Қайрат" Қазақстан чемпионатында қазір "Астана" командасынан жеті ұпайға қалып, екінші орында келеді. Соңғы екі жылда "Қайрат" Қазақстан біріншілігінде "Астанаға" есе жіберіп, екінші орын алған.

XS
SM
MD
LG