Accessibility links

Ауғанстанда әскери базаға шабуылдан ондаған адам қаза тапты


Ауғанстан.

Ауғанстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 26 шілдеде "Талибан" содырлары Қандағар провинциясының шығысындағы әскери базаға шабуыл жасаған. Шабуылдан 26 солдат қаза тауып, 13 әскери жарақат алған.

Қорғаныс министрлігінің өкілі Давлат Вазири шабуыл кезінде 80 жуық "Талибан" содыры мерт болғанын айтты.

Азаттықтың ауған қызметіне билік өкілдерінің бірі 30 адам қаза тапқанын айтқан. Ал "Талибан" бұл шабуылды өз мойындарына алып, 74 солдатты өлтіргендерін, алтауын тұтқындап алып кеткендерін хабарлады. .

24 шілдеде Ауғанстан астанасы Кабулда жанкешті көлікті жарып жіберген. Бұл шабуылдан 26 адам өліп, 41 адам жарақат алған. Бұл жарылысты "Талибан" өз мойнына алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG