Accessibility links

Трамп трансгендерлерді әскерге алуға шектеу қойды


АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп "трангендерлер АҚШ-тың кез келген қарулы күштерінде қызмет жасай алмайды" деп мәлімдеді. Трамп бұл туралы 26 шілдеде твиттерде хабарлап, "бұл қадам медициналық мәселелерді болдырмас үшін жасалғанын" түсіндірді.

"Генералдар және әскери сарапшылармен ақылдаса келе АҚШ үкіметі транссексуалдарды әскерге қабылдамайды деген шешімге келдік" деді Трамп.

Маусым соңында Пентагон басшыс Джим Мэттис Барак Обама қабылдаған трансгендерлерді әскерге алу туралы шешімнің орындалуын" алты айға тоқтатқан.

Ресми дерек бойынша, АҚШ қарулы күштерінде 1,3-7 мың трансгендер қызмет етеді.

XS
SM
MD
LG